Жамбылда бір топ ер адам қызды алып қашқан (ВИДЕО)

1573
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Wd758pXjsL48TxhC5U2U0Tu7YmzUZl3MVFmRB8ep.jpg

Жамбыл облысында бір топ ер адам қызды күшпен көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға тұрмыс құру мақсатындағы «алып қашу» операциясымен байланысты болуы мүмкін.

Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталып, тергеуге алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы — «Адам ұрлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараптардың бұрыннан таныс болғаны және өзара шағымдары жоқ екені анықталды»,—делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, биыл Қылмыстық кодекстің 125-бабы бойынша жаза күшейтілген еді. Енді адам ұрлағандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Комментарии
Другие материалы