Министрлік Шодиевтің қызына дипломатиялық паспорт берілгенін растай алмады

546
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4QFFt8FEgvHnIMPHvEdleLneIxwlXvwsQbUGu8Bo.jpg

ҚР сыртқы істер министрлігі ERG компаниясының иелерінің бірі Патох Шодиевтің қызы Муниса Шодиеваға дипломатиялық паспорт берілгені туралы ақпаратты растай алмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Nege.Aqsha-ға сілтеп.

Ведомствоның түсіндіруінше, Қазақстанда дипломатиялық паспорттар бес жыл мерзімге беріледі және мерзімі аяқталған соң жойылады. Ал мұндай құжаттарды рәсімдеуге қатысты материалдар он жыл бойы сақталып, кейін жойылады.

«Осыған байланысты Муниса Шодиева атына дипломатиялық паспорт берілгенін растау мүмкін емес», — делінген министрліктің ресми жауабында.

Бұған дейін «Выход к морю» атты Telegram-арнасы мемлекеттік деректер базасындағы ақпараттарға сүйене отырып, Муниса Шодиева 2003 жылы Қазақстанның дипломатиялық паспортын алғанын, ал он жылдан кейін (2013 жыл) оның жаңартылғанын хабарлаған еді.

Дереккөздің мәліметінше, сол кезде Шодиева Бельгия мен Ресей азаматтығына ие болған, бұл Қазақстан Конституциясына қайшы келеді. Өйткені елде қос азаматтыққа жол берілмейді.

Сонымен қатар, жарияланған ақпаратта Шодиеваға дипломатиялық паспорт беруге негіз болмағаны, себебі ол ешқашан мемлекеттік қызмет атқармаған және Қазақстанда тұрмағаны айтылған.

ҚР СІМ өкілдері бұл ақпаратты нақты растау немесе теріске шығару мүмкін еместігін мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін Шодиевтің қызына қатысты ақпарат таратқан едік.

Комментарии
Другие материалы