Ұлы әкесіне донор болған. Түркістанда екінші рет бауыр трансплантациясы сәтті өтті

656
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NjMbTrUYqeRRjwzfLTUWUlV89Rfc6rKOnyJRieT8.webp

Фото:gov.kz

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Баймахановтың жетекшілігімен және А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жоғары білікті мамандарының қатысуымен аймақтағы екінші бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл – Түркістан облысында жасалған екінші бауыр трансплантациясы.

Ақпаратқа сәйкес, 54 жастағы науқаста бауыр циррозы, біріншілік билиарлық холангит бауыр-жасушалық жеткіліксіздік, паренхиматозды сарғаю, өңеш тамырларының варикозды бауыр энцефалопатиясы болған.

Науқас бірнеше жылдан бері гастроэнтерологтың «Д» есебінде тұрған. Ауруы асцитпен, портальды гипертензиямен және спленомегалиямен асқынған. Ұзақ емдеу шараларына қарамастан, жағдайының үдей түсуіне байланысты бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болды.

Донор ретінде науқастың 24 жастағы ұлы өз еркімен донор болуға келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Абсолюттік қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп тұрақталып келеді.

 

Комментарии
Другие материалы