Душанбеде электрсамокаттармен жүруге тыйым салынды

1374
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AvGHZddCc2a6gn6DDJtv9eA2SwVAIkro9tOJEfqK.webp

Тәжікстан астанасы Душанбеде 2030 жылға дейін электрсамокат, электроскутер және басқа да мемлекеттік тіркеуден өтпеген жеке көлік құралдарымен жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұл шешім электрсамокаттар мен электроскутерлердің ретсіз пайдаланылуын жүйелеу, олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту, көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына кедергі келтірмеу, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қабылданды», — деп мәлімдеді Душанбе қалалық ішкі істер басқармасы.

Шектеу арнайы белгіленген аймақтардан басқа қаладағы барлық ауданда қолданылады.

Ішкі істер басқармасының деректеріне сәйкес, жыл басынан бері Душанбе қаласында электроскутерлер мен электрсамокаттардың қатысуымен 26 жол апаты болған. Соның салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 24 адам жарақат алған.

Комментарии
Другие материалы