Президент Тоқаевтың Нью-Йорктегі сапары: 5,2 млрд долларлық инвестиция және жоғары деңгейдегі кездесулер

715
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZDYsXmZMrUgUhWduRcv39cGvxWBns8P5PVHzpjg9.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары аясында бір күнде 20-дан астам жоғары деңгейдегі кездесу өтті.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Кездесулер барысында ауыл шаруашылығы, білім, спорт, инвестиция, жасанды интеллект сынды стратегиялық бағыттар қамтылды. Нәтижесінде Қазақстан экономикасына 5,2 млрд доллар инвестиция тарту жөнінде келісімдер жасалды. Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында 11 меморандумға қол қойылды.

Президент америкалық жетекші корпорациялар басшыларымен келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда:

  • PepsiCo – Алматы облысында 368 млн долларлық снэк зауытының құрылысы басталды;

  • Amazon – Алматы, Ақкөл, Ақтау қалаларында жерүсті инфрақұрылымын жасақтап, 200 млн доллар инвестиция салмақ. Жоба аясында шалғай өңірлерге жоғары жылдамдықты интернет жеткізілмек;

  • Meta вице-президенті Янн Лекунмен жасанды интеллектінің дамуы талқыланды;

  • Chevron – Қазақстанға тәуелсіздік жылдарынан бері 55 млрд доллар құйғаны атап өтілді;

  • Сондай-ақ ExxonMobil, Blackstone, Citigroup, Embraer, Cerberus Capital Management басшыларымен келіссөздер болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-АҚШ бизнесі ынтымақтастығын нығайтуға арналған дөңгелек үстелге қатысты.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесіп, экономикалық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Трамп Truth Social парақшасында жалпы құны 4 млрд доллар болатын 300 локомотив өндірісі туралы келісімді ерекше атап өтті.

Бұдан бөлек, Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Украина Президенті Владимир Зеленскиймен, Черногория Президенті Яков Милатовичпен, сондай-ақ АҚШ Сауда министрі, Сауда палатасы және арнайы өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Сапар аясында Президент ФИФА басшысы Джанни Инфантиноны қабылдап, қазақстандық футболды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды талқылады.

Комментарии
Другие материалы