Келіспеушіліктен кейінгі алғашқы кездесу. Трамп пен Маск бірге бой көрсетті

1470
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DTtVzejU06ZrTWpXsqZcbmwU2nlcnl3xjGALqcSl.webp

АҚШ-та Дональд Трамп пен Илон Маск мамыр айында болған келіспеушіліктен кейін алғаш рет көпшілік алдында бірге бой көрсетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Олар 21 қыркүйекте Аризона штатында өткен марқұм Чарли Киркке арналған қоштасу рәсіміне қатысты. 

CNN-нің хабарлауынша, іс-шара спорт аренасында ұйымдастырылып, Трамп пен Маск президенттік ложада қатар отырып әңгімелескен. БАҚ кадрларында олардың қол алысып, жылы шырай танытқаны көрінді. Маск кейін әлеуметтік желіде Трамппен сөйлесіп отырған суретті жариялап, оған «Чарли үшін» деп жазды.

Рәсім барысында Қорғаныс министрі Пит Хегсест сөз сөйлеп жатқанда да, екі жақ қызу әңгімеге беріліп, қол қимылдарымен пікір алмасқаны байқалды. Маск жиі бас изеп, тыңдап отырған. Бұл олардың Маск мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейінгі алғашқы ресми бірлескен көрінісі болды.

Журналистер сұрағына Трамп: «Маск келіп сәлемдесті. Қарым-қатынасымыз өте жақсы», – деп жауап берді.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, Чарли Кирк Трамп пен Маск арасындағы байланысты қалпына келтіруге ықпал еткен.

Еске сала кетейік, маусым айында Илон Маск шектен шығып кеткенін айтып, Трамптан кешірім сұраған еді.

Комментарии
Другие материалы