Ақтаулық оқушының ғылыми мақаласы халықаралық журналда жарық көрді

2702
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MHyHEuNOn802VvDNe8ClGMwJVv6YMsAtW9RlZELc.webp

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жасмин Вадодарияның ғылыми жұмысы халықаралық беделді академиялық басылым OxJournal журналында жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқушының еңбегі «The Diplomacy of Unequals: Power Asymmetries in Global Climate Diplomacy» («Теңсіздердің дипломатиясы: жаһандық климаттық дипломатиядағы билік асимметриясы») деген атаумен шықты.

Жасмин зерттеуінде климат мәселесіне қатысты келіссөздерде мықты мемлекеттердің ықпалы әлсіз елдерден басым түсетінін, бұл қабылданатын шешімдердің әділдігіне әсер ететінін атап өткен. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты әділ әрі теңгерімді ету жолдарын да ұсынған.

Бұл жетістікке оқушының 2025 жылы мамыр айында Oxford Scholastica халықаралық эссе байқауында жеңімпаз атануы жол ашты. Ол «Жазу және журналистика» номинациясында бірінші орын алып, құны 995 фунт стерлинг тұратын толық оқу грантын иеленген. Осы грант аясында Жасмин жазғы онлайн-академиялық бағдарламаға қатысып, Оксфорд университетінің түлегінің жетекшілігімен түрлі елдерден келген дарынды жастармен бірге жұмыс істеген. Бағдарламаны аяқтаған соң ол ғылыми мақаласын жазып, халықаралық журналға жолдаған.

Мектеп өкілдері Жасминді және оның жетекшісі Мадина Жүсіпованы құттықтап, ғылым мен білім жолында жаңа табыстар тіледі.

Комментарии
Другие материалы