Оралда «ORAL JASTARY FEST – 2025» фестивалі өтті

1963
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HsC6dkRhTLOOP4VzsWMmW5RhiNLrSMqc5X6qIUIi.jpg

Қала күніне орай 12 қыркүйек күні Орал қаласында жастарға арналған ең ауқымды жобалардың бірі – «ORAL JASTARY FEST – 2025» фестивалі өтті.

Шара биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, жастардың кәсібилігін, шығармашылық қабілетін және еңбекке деген құлшынысын арттыруға бағытталды.

Фестиваль Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігі және қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Шараға қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қолдау көрсетті.

Фестивальдің басты мақсатыжұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, оларды қоғамдық өмірге белсенді араластыру және туған қаласына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Орал қаласының Тұңғыш Президент алаңында өткен фестивальге 10 мыңнан астам жас қатысты. Шара аясында төрт жоғары оқу орны мен 20 арнаулы білім беру мекемесінің студенттері мамандық көрмесіне қатысып, өз өнері мен жобаларын таныстырды. Көрмені қала әкімі Мұрат Байменов және «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев арнайы келіп тамашалады.

Фестиваль аясында жеті бағыт бойынша байқаулар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, кәсіби шаштараздар арасында «Barber Battle», дәнекерлеушілердің спорт алаңдарын қалпына келтіру бойынша «Шебер дәнекерші» байқауы, қаланың келбетін торт арқылы бейнелейтін кондитерлік сайыс және сән көрсетілімдері мен ерекшеленген тігіншілер байқауы өтті. Сонымен қатар, студенттерге арналған «Мамандығыммақтанышым» көрмесі, «Ашық микрофон» шығармашылық алаңы және фестиваль шараларын бейнеконтент арқылы көрсеткен мобилографтар сайысы ұйымдастырылды.

Аталған аталымдар бойынша қатысушыларарнайы жүлделермен марапатталды. Байқауларға 35-тен астам мекеме қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. 12 қыркүйек күні сағат 18:00-де қала тұрғындары мен қонақтарына кондитерлік және тігіншілік байқаулары аясында дайындалған жұмыстар ұсынылып, көрмелер ұйымдастырылды. Фестивальдің қорытынды бөлігі сағат 19:00-де басталған Гала-концерт болды

Мерекелік кешке Қазақстан эстрадасының танымал әншілері Qanay, Alina және Rafa қатысты. Сонымен қатар сахнада жергілікті өнерпаздарRaketa, Райымбек Өтепов және өзге де шығармашыл жастар өнер көрсетті. Концерт барысында әр номинация жеңімпаздары сахнада марапатталды.

Фестиваль туралы Орал қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев өз пікірін білдірді:

– Орал қаласында 14 пен 35 жас аралығында 100 мыңнан астам жас бар. Бұлбіздің қаламыздың ең үлкен әлеуеті әрі болашағы. Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен бұл фестиваль – жастардың кәсіби дамуына серпін беретін нақтыіс-шара. Мақсатымызжастардың еңбекке деген қызығушылығын ояту, кәсіби дағдыларын арттыру және олардың қоғамдағы орнын айқындау, – деді Дулат Нұрбергенұлы.

«Oral Jastary Fest – 2025» – бұл жастардың кәсібилігін, өнерін және азаматтық белсенділігін біріктіретін алаң ғана емес, сонымен қатар туған қаласының дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретін маңызды жоба.

Фестиваль жастарға шабыт сыйлап, қалалық мерекенің шырайын аша түсті.

Комментарии
Другие материалы