Банктің 25 қызметкерінен құралған топты тергеу аяқталды

1520
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/01/sot.jpg

Ақмола облысында банк қызметкерлері қатысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Прокуратураның мәліметінше, топ құрамында әртүрлі өңірден жиналған 25 адам болған, олардың арасында «Kaspi Bank», «Forte Bank», «Еуразиялық Банк» және «Jusan Bank» қызметкерлері де бар.

Қылмыстық топ әлеуметтік осал топтағы азаматтардың атына ірі көлемде несие рәсімдеп отырған. Тергеу барысында 348 адамның жәбірленуші болғаны анықталды. Келтірілген шығын көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған мүліктер тәркіленді. Алматы қаласындағы пәтерлер мен жер учаскелері, қымбат көліктер мен ірі көлемдегі қолма-қол ақша. Тәркіленген мүліктің жалпы құны 2,7 млрд теңгеге жеткен.

Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мәліметінше, бұл қылмыстық схема бес жылдан астам уақыт бойы жүзеге асып келген.

Бұл істің ашылуына Зеренді ауданы тұрғындарының шағымы себеп болған. Әсіресе зейнеткерлер мен аз қамтылған азаматтар өз аттарына рәсімделген, бірақ ешқашан алмаған несиелерге қатысты арыз түсірген. Осыдан кейін 2024 жылдың қарашасында қылмыстық іс қозғалып, тексеру басталған.

Комментарии
Другие материалы