«Украина туралы ештеңе айтылмаған...» ШЫҰ-ның қорытынды декларациясына Киевтегілер таңғалды

1621
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7dySwgnEjwFo7ws713TEIjPKwFUS0KsYQKfxgOG3.jpg

ШЫҰ-ға мүше елдер басшылары кеңесі Қытайдағы саммит қорытындысы бойынша Тяньцзинь декларациясын мақұлдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Құжатта ішкі істерге араласпау, күш қолданбау және біржақты санкцияларды қабылдамау қағидаттары бекітілген.

Мемлекеттер қауіпсіздік саласында, соның ішінде жасанды интеллект дамуына байланысты туындайтын тәуекелдерге қатысты бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады және әскери ынтымақтастықты кеңейтугн ниет білдірді.

Қатысушылар АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққыларын айыптап, ядролық нысандарға зиян келтірудің жол берілмейтінін атап өтті, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Тегеранға қарсы санкцияларын қалпына келтіру жөніндегі «еуроүштіктің» бастамасын қабылдамады.

Декларацияда терроризмге және оны бағалаудағы «қос стандарттарға» қарсы ұстанымдар, Ауғанстанды тұрақтандыруға қолдау, ядролық қаруды таратпау және ғарышты қарудан таза сақтау мәселелері де қамтылған.

Құжатта «мемлекеттердің егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын өзара құрметтеу, теңқұқылық, өзара пайда, ішкі істерге араласпау, күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидаттары — халықаралық қатынастардың тұрақты дамуының негізі» деп көрсетілген. Алайда Украинаға қатысты ештеңе айтылмаған.

«Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы ең үлкен басқыншылық соғыстың осындай маңызды, іргелі құжатта ешқандай көрініс таппауы таңғаларлық, алайда онда әлемдегі басқа бірқатар соғыс, терактілер мен оқиғалар аталған», - деп мәлімдеген Украина сыртқы істер министрлігі. 

Комментарии
Другие материалы