Қазақ альпинисі Ғалымжан Құспанов Иранның ең биік шыңын бағындырды

1767
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2iPfOsw2T9ED9W0a0O33yfpOYV8sZvwOnrg8CRf0.jpg

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Альпинизм және құзға шығу федерациясының мүшесі Ғалымжан Құспанов 26 тамызда Иранның ең биік шыңы – Дамаванд шыңын (5671 м) бағындырды. Бұл туралы Тегерандағы Қазақстан елшілігі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ғалымжан Құспанов — тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де танымал альпинистердің бірі. Ол бұған дейін үш ауқымды жобаға қатысып, ерекше шеберлік пен төзімділікті танытқан:

  • «Құрлықтың ең биік 7 шыңы»;
  • «Құрлықтың ең биік 7 жанартауы»;
  • «Қар барысы» бағдарламасы.

Айта кетсек, Дамаванд — Азиядағы ең биік жанартаулардың әрі Иранның ұлттық символдарының бірі. Оған көтерілу тек физикалық дайындықты ғана емес, сондай-ақ жоғары биіктікке бейімделуді талап ететін күрделі экспедиция.

Комментарии
Другие материалы