Шымкент әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды

1455
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/m6Zxnk3ZmDmcQcNFpLbdyTeaI9Pgd5DkktlQb3i3.webp

Ержан Сейтенов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Ержан Сейтенов тағайындалды»,—делінген хабарламада.

Ержан Іргебайұлы 1974 жылғы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған темір-бетон конструкцияларын өндіру кәсіпорны жұмысшысы болып бастаған.

2002-2016 жылдар аралығында жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған. 2016-2021 жылдар аралығында Алматы қаласының Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, Жасыл экономика, Тұрғын үй саясаты басқармаларының басшысы, 2021-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымында еңбек еткен.

Айта кетейік, ол 2023 жылғы қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы болды.

25 тамызда Шымкент әкімінің екі бірдей орынбасары тағайындалған болатын.

 

 

Комментарии
Другие материалы