Алматыда ескі көліктерге арналған ақылы аймақтар енгізілуі мүмкін

1535
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Be4k3s2nGu3Da7NEuR3yqJDpMc7hvWj5JvHMvHui.webp

Алматыда экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында ескі автокөліктерге арналған ақылы аймақтар енгізу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Төмен эмиссиялық аймақтар (LEZ) көліктерді шектеу үшін емес, жаңа экологиялық талаптарды енгізу арқылы ауаның ластануын азайту үшін құрылмақ. Евро-5 және Евро-6 стандарттарына сай көліктер бұл аймақтарда тегін жүре алады.

Жүйе алдымен пилоттық режимде іске қосылады, осы кезеңде төлем алынбайды. Бұл уақытта жүйе тестіленіп, көлік ағымдары талданады.

Қаладағы ауаға шығатын зиянды заттардың шамамен 60%-ы көліктерден тарайды, бұл жылына 112 мың тоннаға жуық. Оның басым бөлігі ескі техниканың үлесінде. Статистикаға сүйенсек, Алматыдағы автопарктің 65,3%-ы (шамамен 454,4 мың көлік) ескі.

Ақылы аймақтардың нақты шекаралары әзірге бекітілген жоқ. Олар кейін қала әкімдігінің қаулысымен анықталып, ресми жарияланады. Жобада арнайы жол белгілері, жол таңбалары және ақпараттық жүйелер де қарастырылған.

Басқарма өкілдері пилоттық жоба шағын аумақта тегін негізде басталып, кейін мониторинг нәтижелеріне қарай кеңейтілетінін немесе түзетілетінін, содан соң ақылы жүйеге көшірілетінін айтты.

 

Комментарии
Другие материалы