"Екі рет өтініш жаздым". Алматыда аудан әкімі өз еркімен қызметтен кетті

1024
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/e7gEd6sLz1jfPhKP67bedO9NAbfc8FzGiHsnQ2a8.jpg

Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Санжар Әлин қызметінен кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Иә, екі рет өтініш бердім. Алғашқысын 1 шілдеде жаздым, бірақ қалуымды сұрады. Екіншісін 4 тамызда тапсырдым, қазір келісімін күтіп отырмын», – деді ол.

Әлиннің айтуынша, отставкасы басқа қызметке ауысуына байланысты.

Санжар Әлин 2023 жылғы 19 мамырдан бері Бостандық ауданының әкімі қызметін атқарды. Ол 1984 жылғы 30 тамызда туған. Regents Business College-ді «Халықаралық маркетинг» мамандығы бойынша бітіріп, The University of Winchester университетінде MBA дәрежесін алған. Сондай-ақ Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық көлік және құқық университетінің дипломы бар.

Әр жылдары жеке бизнес, квазимемлекеттік сектор және мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Алматыдағы энергетика және инфрақұрылым саласындағы бөлімдерді басқарған.

Айта кетейік, Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды қызметіне кіріскеннен кейін қала әкімдігінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды. Соңғы күндері қаланың бірнеше басшы қызметкерлері босатылды. 7 тамызда қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, ал 13 тамызда Асқар Әмрин қызметінен кеткен.

Комментарии
Другие материалы