Мемлекеттік білім гранты иегерлері анықталды

1513
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bO391r1R8T7JOiHCNevODoda9Co7Sk19OvVKA27i.jpg

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экономиканың басым салалары үшін жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында білім беру гранттарының жалпы санының 60%-ы инженерлік және техникалық бағыттар бойынша бөлінген.

Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 99%-ға игерілген.

«Биыл «Серпін» бағдарламасы халық тығыз қоныстанған өңірлердің жастары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Конкурс нәтижесі бойынша 2 мыңнан астам грант иегері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алатын болады.

2025 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп»,—делінген хабарламада.

Грант нәтижелерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық көздерінен https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk, https://t.me/gylym_jogary_bilim, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан www.testcenter.kz білуге болады.

Мемлекеттік білім беру гранты туралы куәлік үш жұмыс күні ішінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының https://grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады.

Айта кетейік, жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Комментарии
Другие материалы