"Алаяқтық, аса ірі көлемдегі ұрлық, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу..." Тағы бір министр сотталды

1462
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ur8M9V9sxYiEKCTf6h1MzcLYygIvnHjYp4Sd3JF8.webp

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды. Бұл туралы бүгін Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаров айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол қылмыстық істің алаяқтық, аса ірі көлемдегі ұрлық, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша тергелгенін мәлімдеді.

Ресми өкіл экс-министрдің ісі «Құпия» белгісімен тергелгендіктен, қылмыстық оқиғаның мән-жайы жария етілмейтінін атап өтті.

Еске салайық, Бекетаев 2023 жылдың қазан айында қамауға алынған болатын. Оған «үлескер компанияның мүддесін қолдап, мемлекетке үлкен көлемде шығын келтірді» деген айып тағылған. Сондай-ақ «Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды» деген күдікке ілінген болатын.

Бекетаев 2016-2022 жылдары Әділет министрі болған. Ол Қаңтар оқиғасынан соң қызметінен босатылған, кейін премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді. Бірақ ол кеңесші қызметінен бір жылдан кейін кеткен.

Комментарии
Другие материалы