Ғылым күні қарсаңында өткен ғалымдармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі әлемдік экономикалық ахуалға тоқталып, Қазақстанға әсер етуі мүмкін сын-қатерлер туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Президенттің айтуынша, қазіргі таңда әлем ондаған жыл бойы болмаған ең күрделі дағдарыстың алдында тұр.
“Алпауыт мемлекеттер арасындағы “тариф майданы” салдарынан өндіріс пен сауда тізбегі бұзылып, нарықтар құлдырап, шикізат бағамы тұрақсызданып жатыр. Бұл Қазақстанға да әсер етпей қоймайды. Қазіргі таңда 90 күндік тариф мораторийі енгізілгенімен, нарықтағы жағдай әлі де тұрақсыз”, – деді Президент Тоқаев.
Мемлекет басшысы ахуалға позитивті көзқараспен қарап, дүрлігуге еш негіз жоқ екенін айтты.
“Сыртқы қолайсыз факторларға қарамастан, біз дамудың даңғыл жолын жалғастыра береміз. Негізгі инфрақұрылымдық жобалар мен басқа да бастамалар толығымен жүзеге асады. Үкімет пен әкімдіктерге іс-қимыл жоспарын шұғыл аяқтауды тапсырдым. Бұл – өсім қарқыны мен инвестиция көлемін төмендетпеу үшін қажет”, – деді Президент.
Сондай-ақ ол дағдарыстың жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын, сонымен қатар басшылықтағы азаматтардың іскерлік қабілетін айқындайтынын атап өтті.
“Ұлттық экономиканың орнықтылығы мен әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін дәл қазір жан-жақты дайындық қажет. Біз жұмысты байыппен әрі сенімді түрде атқаруға тиіспіз”, – деді Президент.
Айта кетейік, 3 сәуір күні АҚШ Президенті Дональд Трамп 180-нен астам елге жаңа салық тарифтерін енгізетінін мәлімдеген болатын. Бұл шешімнен кейін азиялық қор нарықтары құлдырай бастады. Кейін Трамп тариф енгізуді кейінге қалдыратынын жеткізді.
其他材料

Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз