Ташкентте президенттер деңгейінде Орталық Азия - Еуропа Одағы саммиті өтеді

504
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/whatsapp-image-2024-11-30-at-09.15.16-960x500.jpeg?token=82e4a372d2e46f145c738087710fa5eb
3-4 сәуір күндері Өзбекстанның Самарқан қаласында «Орталық Азия — Еуропа Одағы» алғашқы саммиті өтеді. Саммитке Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев төрағалық етеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы. Іс-шараға Еуропалық кеңестің президенті Антониу Кошта мен Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен, сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан басшылары қатысады. Саммитте Орталық Азия мен Еуроодақ арасындағы көлік-логистика, стратегиялық шикізат, экологиялық таза энергия көздері секілді ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. «Біз шиеленіс жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Осы орайда, Еуроодақ үшін жалғыз шешім — бейбітшілік пен өзара өркендеуге негізделген серіктестік орнату», – деді Еуропалық кеңестің президенті Антониу Кошта. Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте Өзбекстан басшысы «Орталық Азия — Еуроодақ» саммитін өз елінде өткізуді ұсынған болатын. Саммит қарсаңында Өзбекстандағы Орталық Азия халықаралық институтында Еуропа мен Орталық Азиядағы саяси талдау орталықтарының форумы өтті.
评论
其他材料