Трамп шарт қойып, Украинаға қару-жарақ жеткізуді қайта бастады

1164
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/9fb09e51-f1fa-4a17-8e73-3dd3a67da86f.jpeg

АҚШ-тан Украинаға қару-жарақ жеткізу қысқа уақытқа тоқтатылды, бірақ өткен демалыс күндері қайта жалғасты. Бұл уақытша үзіліс Трамп әкімшілігінің Украинаға қатысты саясатын талқылау нәтижесінде болған. Бұл туралы Reuters жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақ үй Украинаға барлық көмекті тоқтату туралы алғашқы шешімін өзгерткеннен кейін жеткізілім қайта басталды.

АҚШ президенті Дональд Трамп ақпанның 3-і күні Украина АҚШ-қа сирек кездесетін металдар жеткізуге уәде берсе, оған көмек жалғасатынын айтты. Бұған дейін бұл мәселе Владимир Зеленскийдің "жеңіс жоспары" аясында айтылған болатын.

"Украинаға олардың өте құнды сирек кездесетін металдары бар екенін айтып жатырмыз. Біз Украинамен келісім жасауды қалаймыз, оның аясында олар біз беріп

相关新闻

жатқан нәрселерді сирек кездесетін жер металдарымен және басқа да нәрселермен қамтамасыз ететін болады", — деді Трамп Ақ үйде журналистерге сұхбат бере отырып.

Трамптың “Киевтің Вашингтонға ресурстар жеткізуі қажет пе” деген сауалына оң жауап берді, әрі "сирек кездесетін жер металдарының" жеткізілуіне "кепілдік алғысы келетінін" атап өтті. Ол Украина бұған дайын деп мәлімдеді. Ақ үй басшысы Киев "қолданған көмекке" 300 миллиард доллардың шамасында өтемақы төлеуі тиіс екенін айтты.

Сирек кездесетін жер металдары — 17 металдан тұратын топ, олар электр қозғалтқыштарын, электромобильдер, ұялы телефондар және басқа да электроника жасау үшін қажет. Олардың баламалары жоқ.

评论