Алматы облысында 18 жастағы жүргізуші төрт бірдей жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жол апаты Есікте 14 қараша күні болған. Салдарынан 16 жастағы бойжеткен қаза тапты.
Ал жас жүргізуші жол апаты болған жерден қашып кеткен.
"Жол апаты салдарынан 16 жастағы қыз аудандық ауруханаға жеткізілді. Ол 15 қараша күні таңертең алған жарақаттарынан қайтыс болды. Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің қызметі.Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Новости по теме
Обеспечение благополучия детей – приоритет государства: в Казахстане треть населения составляют дети
В Республиканском предвыборном штабе состоялась встреча кандидата в Президенты РК от Общенациональной социал-демократической партии Нурлана Ауесбаева с работниками строительных компаний