18 жастағы жүргізуші төрт адамды қағып, қашып кеткен. Адам өлімі бар

2482
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/zhol-apaty-turaly-960x500.jpg?token=463eb050c49e6de1bdaed9fa63e4dc50
Алматы облысында 18 жастағы жүргізуші төрт бірдей жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жол апаты Есікте 14 қараша күні болған. Салдарынан 16 жастағы бойжеткен қаза тапты. Ал жас жүргізуші жол апаты болған жерден қашып кеткен.
"Жол апаты салдарынан 16 жастағы қыз аудандық ауруханаға жеткізілді. Ол 15 қараша күні таңертең алған жарақаттарынан қайтыс болды. Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің қызметі.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
相关新闻

评论
相关新闻