Студент жастардың психологиясы

6612
Adyrna.kz Telegram

Студенттік жас (18-25) адам өмірінің ерекше бір кезеңі. Оның ерекшелігінің өзі тұлға дамуының жалпы мәніне және негізгі заңдылықтарына сай 18-ден 25-ке дейінгі жас аралығы адамның кемелдену кезеңінде.

Студенттер-жоғарғы оқу орындарында ұйымдасқан, біріктірілген өзіндік ерекшелігі бар жастар қауымдастығы, ерекше әлеуметтік топ. Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан студенттер халықтың өзге топтарымен салыстырғанда білім деңгейінің, мәдениет мұраларын пайдаланудағы белсенділігімен және танымдық деңгейінің жоғарлылығымен ерекшеленеді. Жеке істестік барысында студент белсенді, өздігінен өз ісін ұйымдастыра алатын, педагогикалық қарым-қатынас субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және белгілі бір кәсіби бағытталған міндеттерді шешуі, қарым-қатынастық белсенділік ерекшеліктері тән. Студенттер үшін негізгі оқу формасы таңбалы контекстік болып табылады.

Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан студенттер халықтың өзге топтарымен салыстырғанда білім деңгейінің, мәдениет мұраларын пайдаланудағы белсенділігімен және танымдық деңгейінің жоғарлылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар студенттер интеллектуалды және әлеуметті толысуы үйлескен, әлеуметтік белсенділігі өте жоғары топ болып сипатталады. Студенттердің осы ерекшеліктерінің негізі мұғалімнің әр студентке серіктесі тәрізді, тартымды тұлға ретінде қарап, онда педагогикалық қарым-қатынасты орната білуінде.Жеке істестік барысында студент белсенді, өздігінен өз ісін ұйымдастыра алатын, педагогикалық қарым-қатынас субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және белгілі бір кәсіби бағытталған міндеттерді шешуі, қарым-қатынастық белсенділік ерекшеліктері тән. Студенттер үшін негізгі оқу формасы таңбалы контекстік болып табылады.

Адам өмірінің осы кезеңдегі дамуы, белгілі бір экономикалық тәуелсіздіктің қалыптасуымен ата-ана үйінен бөлініп жеке отбасын құруымен сипатталатын студент үшін, әлеуметтік-психологиялық зор маңызы бар.

Студенттік кезең адамның жан-жақты жетіліп тұлға ретінде қалыптасуының негізгі кезеңі. Бұл спорттық рекордтар, мәдени техникалық және ғылыми жетістіктерге қол жеткізетін айтулы шақ, адамның болашақ маман ретінде әлеуметтік белсенділігі артатын яғни жоғары мектеп мұғалімдерінің студенттермен қарым-қатынасы ерекшеленетін кезең.

Сонымен студент тұлғасының қалыптасуында оқытушымен өзара дұрыс қарым – қатынас үлкен рөл атқарады. Бірақ кейде осы күрделі қарым – қатынаста қарама – қайшылықтар, кедергілер нәтижесіндегі конфликтілер, тұлғааралық түсініспеушіліктер жиі туындайды. Осы мәселені анықтау барысында арнайы жүргізілген психологиялық зерттеулер студенттер мен оқытушылар өзара қатынасында эмоционалды және тұлғааралық түсініспеушілік тұрғысында әрқилы кедергілердің болатындығын анықтады. әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу тәлім – тәрбие ісіндегі маңызды мәселе болып саналады.

Жастық әлеуметтік қажеттілікпен ерекшеленеді. Бұл жас кезінде қарым – қатынаста үлкен белсенділік танытады. Студент кезеңінде тұлға санасыз түрде топ арасында достық қарым – қатынас басқа тұлғамен орнатуға тырысады. Он сегіз – жиырма үш жас аралығында тұлғалық жетілудің ең шыңы болып табылады.Сондықтан осы кезеңде тәрбиленуші жасқа психологиялық күш және үлкендер тарапынан қолдау қажет.

 

 

    Аружан Абдірахман

Пікірлер