АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан мен Пәкістан арасындағы атысты толық және дереу тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы BBC-ге сілтеме жасап.
Бұл жөнінде Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
“АҚШ-тың араласуымен өткен ұзақ келіссөздерден кейін Үндістан мен Пәкістан
атысты толық әрі дереу тоқтатуға келісті деп қуана хабарлаймын”, – деп жазды ол.
Алайда, Трамп келісімнің нақты мазмұны мен қандай шарттармен жасалғаны туралы мәлімет берген жоқ.
Әзірге Үндістан мен Пәкістан билігі бұл мәлімдемеге қатысты ресми пікір білдірмеді.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз