АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан мен Пәкістан арасындағы атысты толық және дереу тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы BBC-ге сілтеме жасап.
Бұл жөнінде Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
“АҚШ-тың араласуымен өткен ұзақ келіссөздерден кейін Үндістан мен Пәкістан атысты толық әрі дереу тоқтатуға келісті деп қуана хабарлаймын”, – деп жазды ол.
Алайда, Трамп келісімнің нақты мазмұны мен қандай шарттармен жасалғаны туралы мәлімет берген жоқ.
Әзірге Үндістан мен Пәкістан билігі бұл мәлімдемеге қатысты ресми пікір білдірмеді.
相关新闻