Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған «Ата-Бейит» тарихи-мемориалдық кешенін аралады. Бұл туралы Қырғызстанның министрлер кабинетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаровпен бірге 1916 жылғы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандарға арналған ескерткішке гүл шоғын қойды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Түркия басшысы жазушы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне гүл шоқтарын қойып, жаназа намазы оқылды.