Депутат Қазақстандағы ең көне петроглифтердің жойылып бара жатқанын айтып дабыл қақты

2583
Adyrna.kz Telegram
Қазақстан Республикасы парламенті мажілісінің депутаты Мұрат Әбенов 2023 жылдың 20 тамызы күні қадымнан жеткен ұлттық тарихи таңбаларымыздың жойылып бара жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Өзекті мәселе жайлы Мұрат Әбенов былай деді:
Бүгін 2023 жылдың 20 тамызында біз Қазақстандағы бірегей археологиялық, тарихи орын - Қызылорда облысында Қаратау бөктеріндегі Сауысқандық шатқалында орналасқан еліміздегі ең көне петроглифтерге бардық. Бұл қасиетті орын Қазақстан аумағындағы көне өркениет орталықтарының бірі болған. Мұны ғалымдар дәлелдеген.
Кейіннен ол барша қазақстандықтарды мәдени мұрамызды көздің қарашығындай сақтауға шақырды:
- 500 гектар аумақта 8-10 мың бейнелер (адамдар, жануарлар, күймелер) тасқа қашалған. Кейбір қашалған суреттер қола дәуіріне - б.з.б. II мыңжылдыққа жатады. Өкінішке орай, бірегей тарихи жәдігер аянышты күйде. Бұл жерге 1 км жақын жерде ванадий өндіретін кәсіпорын орналасқан және жұмыс жасау барысында жарылысты қолданады. Тау жыныстарының құрылымы өте нәзік, табақшалы, кез келген сыртқы әсер петроглифтердің жойылуына алып келуде. Осы қарқынмен кете берсе, шұғыл қорғау шаралары қабылданбаса, 4 мың жыл тарихы бар петроглифтерді 4-5 жылда жоғалтуымыз мүмкін. Аумақ қорғалмаған, қоршалмаған, бақылау және есепке алу жоқ. Сауыскандықтың петроглифтерін сақтайық, - деді депутат.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер