Тәжікстанда тағы да жер сілкінді

1191
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/photo-output-16-960x500.jpeg?token=d236c74021b9e1867230205351f208ba

14 сәуірде Тәжікстанда тағы бір жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жергілікті уақытпен таңғы 5:44-те магнитудасы 4,5 баллдық жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Рашт қаласынан 23 км солтүстік-батыста, тереңдігі 5 км жерде орналасқан. 

Әзірге зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, бір күн бұрын, 13 сәуірде Тәжікстанда екі рет жер сілкінген еді.

Comments