Қонаевтағы саябаққа Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілді

1240
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/9444c032-a6bc-4e36-9023-e854a9669507.jpeg
Қонаев қаласындағы  орталық саябаққа жазушы Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілді. Бұл туралы деп хабарлайды “Адырна”. Былтыр балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өткені белгілі. Жалпы аумағы 8 гектар жерді алып жатқан саябақта субұрқақтар, сахна, көрермен орны, дүңгіршектер, түрлі шағын сәулеттік мүсіндер бар. Орындықтар, жарық шамдары, қоқыс жәшіктері қойылған. Сондай-ақ саябақ аумағына 584 түп ағаш егілген. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін спорт және  футбол алаңы салынған.
Comments