ШЫМКЕНТ: БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖАҢА ҚҰРЫЛҒЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

1985
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/0d07f82a-3c17-4c20-984d-095ca69f15e8.jpeg
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен балалар ауруханасы «Nanoduct» жаңа аппаратымен жабдықталды. «Nanoduct» құрылығысы - жүйесінің миниатюралық компоненттері арқылы нәрестелерге оңай сәйкес келеді. Бұл тек нәрестелер үшін ғана емес, сонымен қатар кез-келген жастағы пациенттер үшін процедураны жеңілдететін толықтай интеграцияланған диагностикалық жүйе болып табылады. Жаңа құрал көмегімен қалалық дәрігерлер жаңа туылған нәрестелердегі муковисцидоз(тұқым қуалайтын) ауруын тез анықтайды және уақытылы ем-дом жасай алады. Айта кетейік, осыған дейін бұл ауру түрін жергілікті дәрігерлер Алматы қаласындағы балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми зерттеу орталығына жолдама беру бойынша анықтаған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Comments