Қазақстандықтардың Египеттен шығу уақыты жарияланды

3502
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/dffa54a3-341b-4df0-a978-67cb51acf657.jpeg
Air Astana Шарм-эль-Шейхтен Қазақстанға 3 желтоқсаннан бастап жеті репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шарм-эль-Шейх - Алматы бағыты бойынша ұшулар 3, 5, 6, 8 желтоқсанда жүзеге асырылады. Ал Шарм-эль-Шейх - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейс 3, 4, 7 желтоқсанда орындалады. Осы рейстерге адам көп келмеген жағдайда репатриациялық рейстер саны қысқартылуы мүмкін.
"Қазір Air Astana әуе компаниясы 8 желтоқсанға дейін Мысырдан Қазақстанға 1 300-ден аса қазақстандық жолаушыны шығаруды жоспарлап отыр. 3 желтоқсанда және одан кейін рейстерге брондаған жолаушылардың билет құнын толық өтетуге құқы бар", - делінген хабарламада.
”Адырна” ұлттық порталы
 
Comments