Мәнерлеп сығанаудан Шымкенттіктерде екі алтын бар

2529
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/805a9f66-d52c-403e-9b90-6a6f01f93717.jpeg
Бүгінде Шымкент қаласындағы «Мұз сарайында» мәнерлеп сырғанаудан жастар және жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтуде. 19 қазанда басталған ел чемпионатына мегаполистер Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкенттен және Атырау, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, Қызылорда облыстарынан 150-ден астам спортшы бақ сынауда. Оның ішінде Шымкенттен 23 мәнерлеп сырғанаушы бар. Байрақты бәсекеде алғашқы жеңімпаздар да анықталды. 1 жасөспірімдер разряды бойынша Цой Клим мен Зябрев Егор алтыннан алқа тақса, осы разряд бойынша Алексеевна Ангелина қола жүлдегер атанды. Республикалық жарыс «Мұз сарайында» 23 қазанға дейін жалғаспақ.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Comments