Пандемияны жеңу үшін жаппай екпе алу қажет

1172
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/210827094501480e-960x500.jpg?token=e70d8843bc6d6741272d49c5b0a9c0a2
Шымкентте  өткен тәулікте, яғни 1 қыркүйекте  КВИ-дің 180 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ресми статистика сайтына сілтеме жасап. 89 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 91 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 050 орын бар, төсек орын толымдығы 46%-ды құрайды, 1638 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1412 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 504 төсек орын бар, 292 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 5131 адам вакцина алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 432 267 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 364 922 адам вакцинаның екі компонентін алды.Бүгінде қаладағы емханаларда вакцина жеткілікті, егу бекеттері демалыс күндері де жұмыс жасайды. Екпе алып, пандемияны бірге жеңейік.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments
Other materials