Ресей әлем бойынша коронавирустан өлгендер қатарында бірінші орында шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұған 6 қараша, сенбі қорытындысы бойынша Worldometers сайтындағы деректер дәлел бола алады. Ресейде бір күнде коронавирустан 1 179 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, Ресей коронавирус жағдайларының күнделікті өсуі бойынша әлемде бірінші орынға ие болды. Өткен тәулік ішінде Ресейде 39 165 жаңа инфекция тіркелді. Екіншісінде - Ұлыбритания, онда 30 305 адам жұқтырған. Үшінші орынға Түркия тәулігіне 25 304 ауру жағдайымен шықты. Төртінші орында — АҚШ (+23 165), бесінші орында — Германия (+20 701).
Айта кетейік, бұған дейін EA Daily Ресейдің бес аймағындағы ауыр эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмыс істемейтін күндер режимі ұзартылғанын хабарлаған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін EA Daily Ресейдің бес аймағындағы ауыр эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмыс істемейтін күндер режимі ұзартылғанын хабарлаған болатын.
"Адырна" ұлттық порталы