Ресейде бесінші күн қатарынан 900-ден астам адамның өлімі тіркелді

4706
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/4145a483-ad8a-4934-905e-bdfef1927e3f.jpeg
Өткен тәулікте Ресейде коронавирустық инфекциядан 962 адам қайтыс болды. Бұл туралы елдің жедел штабы мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Өлімнің жаңа жағдайларының көпшілігі Мәскеуде (72) және Санкт-Петербургте (64) тіркелген. Айта кетейік, Ресейде коронавирус құрбандарының жалпы саны 216 415-ге жетті. Пандемия басталғаннан бері барлығы 7,7 миллионнан астам адамнан Сovid-19 анықталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments