Елімізде әлі 6 облыс "қызыл" аймақта тұр

4113
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/biiiir-1-960x500.jpg?token=50a39de0aa5065aadb9b312c55204a6b
Соңғы тәуліктегі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша 6 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары әлі "қызыл" аймақта. Ал Түркістан және Жамбыл облысы ғана "жасыл" аймақта деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Сонымен "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары. "Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. «Жасыл» аймақта - Түркістан, Жамбыл облыстары. Айта кету керек, соңғы тәулікте 2781 адам індет жұқтырған. Бүгінде жалпы еліміз бойынша ауырғандар саны 860 424-ке жетті.  

 "Адырна" ұлттық порталы.

Comments