Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұру үшін келіп, тіркелген адамдар саны 5 409-ды, елімізден кеткендердің саны 18 198 адамды, көші-қон сальдосы 12 789 адамды құрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен арада қалыптасқан. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санындағы үлесі 84,3% және 85,4% құрады.
- Ел ішінде қоныс аударушышылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,6%-ға артты, делінген Ұлттық статистика бюросы хабарламасында.Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (16 902 адам), Нұр-Сұлтан (14 222 адам), Шымкент ( 8 965 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (310 адам).
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
"Historical result": Kazakhstan's young tennis players placed in the top four at the World Championship