Жаңа оқу жылы: сіз білмейтін қызықтар

3185
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/shkolniki-1.jpg
1 қыркүйектен бастап елімізде жаңа оқу жылы басталды. Осы орайда біз сіз білмейтін мына  қызықты мәліметтермен бөлісеміз. Сонымен... — Әлемнің 43 елінде оқу жылы 1 қаңтардан басталса, 16 елде наурыз айында басталады. — Жаңа оқу жылы біздің елімізде және әлемдегі 122 елде 1 қыркүйекте басталады. — Чехияда ең жоғары баға "1", ал ең төмен баға "5". Францияда 20 балдық жүйедегі баға қойылады. — "Сенбілік" Ресей патшалығы кезінде белгіленген. — АҚШ туында бейнеленген жұлдызшаларды мектеп оқушысы ойлап тапқан. — Америкалық жасөспірімдер уақытының шамамен 12 мың сағатын оқуға және 14 мың сағатын теледидар көруге жұмсайды. — Ең көне оқу орны Фес қаласындағы "Карауин". Ол б.з.д. 859 жыл бұрын құрылған. — Ең көп оқушы оқыған мектеп — Үндістанда. 28000 мыңға жуық оқушы оқыған. — Ең ұзақ оқу Ұлыбританияда болды. Роберт Кронин 52 жыл оқып, 72 жасында оқу бітірген. — Ең қымбат оқу орны — "Халықаралық бозбала мен бойжеткендердің мектебі". Оқу ақысы — бір айға 77,5 мың доллар тұрады. — Ең ұзақ оқу 56 сағатқа созылған. Биология профессоры өзінің дәрісін оқыған. Бұл 2003 жылы Австралияда болған. — Ең көп түлектер кездесуі Германияда өткен. Оған 2,5 мыңнан астам түлек жиналған. Кездесу мектептің жүз жылдығына орай ұйымдастырылған. — Биыл елімізде 1-сыныпқа барған оқушылардың саны 394 мыңға жуықтап, рекордтық көрсеткішке жетті. Тіпті әліпбидің «Ш» мен «Ы» әріптері беріліп жатқан кластар да бар.  

"Адырна" ұлттық порталы.

Comments