Әлеуметтік желілерде атом электр станциясын Маңғыстауда салу жоспарланып отыр деген ақпарат тарап жатыр.
Өңірдің қоғамдық коммуникация орталығы мұны жоққа шығарды.
"Ведомство ақпаратынша, Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Stopfake.kz. сайтына сілтеме жасап.
Еске салсақ, президент өз жолдауында үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорына елімізде бейбіт атомды пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Қазіргі уақытта уәкілетті органдар бұл тапсырманы жан-жақты пысықтап жатыр. Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, деп түйіндеді қоғамдық коммуникация орталығы.
Related news
A state that lived for two months and four days. Today is the day of establishment of Turkestan Mukhtariat
"When people struggle with water". Ex.com. of Atyrau region made a statement regarding the employee who inspected the vehicle