Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жыл сайынғы Жолдау кезінде дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығына тоқталып, отандық спортқа барлық жағдай жасалуы тиіс, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Денсаулық кілті – дене шынықтыру. Қайталап айтамын: бұқаралық спортқа, балалар спортына барлық жағдай жасалуы тиіс. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымының кезең-кезеңімен құрылуын қамтамасыз етуі керек», – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт ТоқаевСонымен қатар Мемлекет басшысы Токио Олимпиада нәтижесіне байланысты еліміздегі спорт жағдайын бұдан бөлек тағы бір отырыста қарастыруымыз қажет екендігіне тоқталды.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
The Development Bank of Kazakhstan, which enriched the Nazarbayev dynasty, will be radically reformed