Жамбыл облысында 11 автокөлік соқтығысып, жойқын жол апаты орын алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жамбыл облысында болған көлік апат салдарынан жапа шеккендер саны оннан асып кетті.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 тамыз "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының 393-ші шақырымында Алматы бағытында болған.
Анықталған мән-жай бойынша бір уақытта 11 машина соқтығысқан. Бірнеше адам ауруханаға жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Related news
There is no place in the Kazakh class". The Internet says that the Russian class is being created "on purpose".
