Алматы әуежайынан Тбилисиге ұшқан Air Astana ұшағы қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады әуе компаниясы.
Алматы–Тбилиси бағыты бойынша KC139 рейсі 9 тамызда кешке аттануға тиіс болған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30-да ұшты, алайда көп ұзамай найзағай түсуі мүмкін деген себеппен әуежайға оралды.
"Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Бортты ауыстырғаннан кейін жолаушылар белгіленген пунктке сағат 00.40-та ұшып кетті", - делінген Air Astana хабарламасында.Әуе компаниясы ұшақтың толық тексерілгенін, одан найзағай ізі анықталмағанын айтты. Ұшақ қайта қолданысқа берілді.
Related news
The Presidents of Kazakhstan, Azerbaijan, and Uzbekistan signed an important agreement on “green” energy