Атыраулық жұмысшылар лифт шахтасына құлап түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Lift Invest ЖШС -нің екі қызметкері қонақүй кешенінде бөлшектеу жұмыстарын жүргізіп, 15 -ші қабаттан лифт шахтасына бір-ақ құлады.
"Қайғылы оқиғаның салдарынан 40 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды, дене жарақатын алған екінші зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілді. Науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде. Ол травматикалық шок, көптеген сынықтар мен ауыр жарақаттар алды. Қазіргі уақытта операцияға дайындалуда. Операциядан кейін ол жансақтау бөліміндегі дәрігерлердің бақылауында болады", деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Адырна" ұлтық порталы
Related news
KASYM-ZHOMART TOKAYEV: The thermal power station of the capital is managed by a lawyer, the thermal transit is managed by an agronomist, and the city water channel institution is managed by a zootechnician.
