Малидің уақытша президенті Ассими Гоитаға белгісіз біреулер шабуыл жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оқиға Бамако астанасындағы мешітте Құрбан айт намазы кезінде болған. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, пышағы бар екі қарулы адам Гоитаны өлтірмек болған.
Президент әкімшілігі басшының "тірі және сау" екенін растады, ал екі шабуылдаушы бірден тұтқындалған.
«Гоита бірден Кати гарнизонының әскери штабына жеткізілді. Жағдайы бірқалыпты»,– делінген хабарламада.
«Адырна» ұлттық порталы
Related news
The Kazakh country collected 150 tons of humanitarian aid to Turkey, which suffered from an earthquake
