Шымкенттік оқушы республика бойынша ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізді

2699
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/13f77cf3-219e-41da-b947-d249cac38a27.jpeg
Республикалық Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Менің Отаныма - менің бастамам» атты республикалық шығармашылық жобалар байқауы болып өтті. Байқаудың басты мақсаты - дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету. Байқауға республиканың барлық өңірлерінен 170 оқушы қатысты. Байқау 9 номинация бойынша өтті. «Қазақстанның жеті кереметі» номинациясы бойынша «Қаратау петроглифтері – жазу өркениетінің басталуы» тақырыбында №58 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Қалдыбек Жансұлу республика бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жеңімпаз шәкірт I орын алып, I дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Айта кетейік, байқау онлайн форматта ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments