Мереке аясында әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы түрлі этнос өкілдері арасында қазақ композиторлары мен ақындарының шығармаларына арналған музыкалық челлендж іске қосылады.
Байқаудың ұйымдастырушысы - Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры.
Челлендж қорытындысы бойынша, үздік бейнероликтер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысу үшін⤵️
🔸Қазақ композиторлары мен ақындарының шығармаларына арналған музыкалық бейнеролик түсіріп, оны #Бірлігіжарасқанел #Домбыракүні хештегтерін белгілеп әлеуметтік желілерде жариялау қажет.
🔸 Сондай-ақ, конкурсқа қатысуға достарын, таныстарын және басқа ұлт өкілдерін шақыру міндеттеледі (бұл конкурс жеңімпаздарын анықтау кезінде ескеріледі).
Барша қазақстандықтарды Домбыра күнімен құттықтаймыз!
https://youtu.be/pGw30f02Xt4
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз