Бүгін 15 маусымда, Қостанайда Тәуелсіздік-Бородин көшелерінің қиылысында велосипедші мен Ваз-2115 автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Kstnews.kz хабарлағандай, оқиға сағат 09:00 шамасында болған. Соқтығысу салдарынан 44 жастағы велосипедші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, ал кейіннен әйел қайтыс болды.
Сараптамалар тағайындалғаны, одан әрі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқандығы атап өтілді.
"Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", деп мәлімдеді Қостанай облысы бойынша ПД баспасөз қызметі.


"Адырна" ұлттық порталы