2026 жылы протонды күшейткіштер Байқоңырдан шығарыла бастайды, деп мәлімдеді цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«2016 жылы "Протон" зымыран тасығышының бес реттен көп емес пайдаланылатыны туралы жыл сайынғы келісім жасалған болатын. 2026 жылға қарай оларды пайдалану мүлдем тоқтайды», - деді Мусин Мәжілістің пленарлық отырысында.Оның айтуынша, Ресей 2020 жылы Байқоңырдан «Протон» зымыранын бір-ақ рет ұшырған, ал 2021 жылы ұшыру жоспарда жоқ.
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
“No need for an uprising.” The father of the deceased issued an appeal regarding the incident in Talgar
