Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, бұқаралық щаралар, көрмелер, той, жиын өткізуге қойылған тыйым сақталады. Үйде де адам көп жиналатын шаралар ұйымдастыруға болмайды.
Сондай-ақ Наурызды тойлауға, мерекелік отырыстар өткізуге рұқсат етілмей отыр.
Бас санитар дәрігер 20-24 наурыз аралығында қалааралық, облысаралық автобустар қозғалысын тоқтата тұруды шешті.
Қызметі жаңғыртылмаған нысандарға: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға (Ashyq пилоттьқ жобасына катысатын нысандарды қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, мұз айдындарына баруға тыйым салынды.
Қаулы 13 наурызда күшіне енеді.
Related news
It was reported that the Deputy Commander-in-Chief of the National Guard was arrested while accepting a bribe
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared
"First I made it for my wife". Transcribe.kz is an application that captures the Kazakh voice into text
