Алматыда полиция қызметкерлері павлодардықтан қару-жарақ арсеналын тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
Тәртіп сақшылары күдіктінің 3 рет сотталғанын атап өтті.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 1993 жылы туған А. есімді азамат жалдамалы пәтерде 8 қаруды сақтаған.
"Күдікті қамауға алынды. Ер адамнан карабин, винчестер, "Макаров" тапаншасы және әр түрлі үлгідегі 5 шолақ мылтық тәркіленді. Қару-жарақ сот-баллистикалық сараптамасына жіберілді. Оның нәтижесінде қару-жарақтың кімге тиесілі болғаны, онымен қылмыс жасалған-жасалмағаны анықталады", - дейді Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Ол бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексіеің 287-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival