3 жылға жалғасқан қазба жұмыстарынан кейін Қытайлық археологтар Шынжаң өлкесінің Санжы дүңген автономиялық облысына тәуелді Шонжы ауданының жеріндегі ежелгі қала қонысынан X ғасырға тән қоғамдық моншаның орны анықталғанын жарияалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл жайында Журналист Ерлан Мазан facebook-тағы парақшасында:
"Қытайлық археологтардың пікірінше, монша
Идықұт ұйғыр хандығы кезінде салынып, моңғол үстемдігі кезінде де пайдаланылған. Монша жерүсті және жерасты екі бөліктен, сондай-ақ, сардоба, құдық секілді қосымша нысандардан тұрады, жерасты бөлігінде жылу жүйесі орналасқан, жерүсті бөлігі жуынуға, бұлауға түсуге және дем алуға арналған", деп жазды.
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз